Әуежайда «Нұр Отан» партиясы филиалы мен «БЗЖҚ» АҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Барлық жаңалықтар

2018-09-13

Әуежайда «Нұр Отан» партиясы филиалы мен «БЗЖҚ» АҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Бүгін 13 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы Т2 терминалында Есіл ауданындағы «Нұр Отан» партиясының және «БЗЖҚ» АҚ Астана қаласы бойынша филиал өкілдері қатысқан жиын өтті. Басқосуда әуежай қызметкерлеріне еліміздегі Біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорының зейнетақы жүйесіне енгізіп жатқан өзгешеліктері туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.    

Қордың өкілі Сағиева Ақмарал зейнетақы жүйесі мен ондағы қазақстандықтардың зейнетақысы бүгінде қалай қалыптасатыны, жинақталған зейнетақының кепілдігі, Қордың электронды қызметі туралы әңгімелеп берді. Сонымен бірге, зейнетақы заңындағы өзгешеліктер туралы сұрақтарға жауап беріп, Қордың электронды қызмет көрсету жүйесін қалай пайдалану керектігін және болашақтағы болжаулы зейнетақының зейнетақы есептегіш көмегімен қалай есептеу керектігін түсіндірді.   

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ