Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылғы 1-ші жарты жылдықта жолаушылар көлемін 17 %-ке арттырды.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылғы қаңтар-маусым айларында 2 млн. 145 мың 154 жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш 2017 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 17 %-ке көп.
2018 жылғы жарты жыл ішінде халықаралық әуежай ішкі бағыттағы жолаушылар көлемін 12 %-ке арттырып, осы аралықта 1 млн. 346 мың 578 адам әуежай қызметіне жүгінген. Бұдан өзге, ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында елорданың әуе қақпасы халықаралық бағыттағы 798 мың 576 жолаушыға қызмет көрсетіп, 2017 жығы 1-ші жарты жылдықтағы көрсеткіш нәтижесін 26%-ке арттырған.
Сондай-ақ, 2018 жылғы 1-ші жарты жылдықта Астана әуежайынан 14 мың 353 ұшақ ұшу сапарларын орындаған (бұл көрсеткіш 2017 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 11%-ке артық).
Анықтама:
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Евразия құрлығындағы соңғы үлгіде салынған әуежайлардың бірі, бұл жерден тәулігіне 160 –қа дейін ұшақтардың ұшу және қону сапарлары орындалады. Елода әуежайы сағатына 2500 жолаушыға қызмет көрсете алады. Әуежайда отандық және шет елдік әуе компанияларының, ішкі бағыт бойынша 21 және халықаралық бағытпен 36 ұшақ рейстері жүзеге асырырылады. 2017 жылы халықаралық әуежай 4 млн. аса жолаушыға қызмет көрсетті.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: