Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елорда әуежайындағы жаңа терминалда бір жыл ішінде 2 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетілді.
Осыдан тура бір жыл бұрын, 2017 жылғы 5-ші маусым күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы Т1 жаңа терминалы «Астана-Мәскеу» бағытындағы жолаушыларға алғашқы қызмет көрсетті. 2017 жылғы 31-ші мамыр күні әуежайдағы жаңа терминал мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Халықаралық рейстерді қабылдайтын жаңа жолаушылар терминалы инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды.
Қазіргі уақытта Т1 терминалында 15 халықаралық және 2 отандық әуе компаниялары тұрақты ұшып қонуды жүзеге асырады. Ашылғаннан бергі бір жыл ішінінде терминалда 2 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетіліп, 10 мыңнан аса ұшақ сапарлары орындалды. Атап өтерлігі, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме қонақтары мен қатысушыларына қызмет көрсеткен терминал маңызды шараның сәтті өтуіне өз үлесін қосты. Жаңа терминалдың жалпы аумағы 47 мың шарты метр, мұнда халықаралық жолаушылар мен VIP терминалы, әуе кемелері үшін арнайы өткізу қондырғысы бар жаңа алты тұрақ пен автобусқа шығатын төрт есік бар. Бұдан өзге, бұл жерде әуежайдағы қызмет көрсету сапасын арттыруға қажет жоғары технологиялар мен процесстер қарастырылған. Терминалда Еуропалық Одақтың стандарттарына сай сағатына 1200 бірлік жүкті бақылаудан өткізетін қазақстандағы тұңғыш жүкті тексеруге арналған заманауи жүйе мен 50 құжаттық тексеру кабинасы, 27 тіркеу орны мен 4 өзін өзі тіркеу бағаны орналасқан. Т1 терминалының жалпы өткізу мүмкіндігі жылына 5,2 миллион жолаушыны құрайды.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: