Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында белгілі альпинист Мақсұт Жұмаевты салтанатпен қарсы алды

Барлық жаңалықтар

2018-05-30

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында белгілі альпинист Мақсұт Жұмаевты салтанатпен қарсы алды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жер шарындағы ең биік нүкте - Эверест шыңына (8848 м) екінші рет көтерілген атақты спортшы, белгілі альпинист Мақсұт Жұмаевты салтанатпен қарсы алды. Ол Эвересті оңтүстік және солтүстік жағынан қатар бағындырған әлемдегі санаулы альпистердің тізіміне енді. Бүгінгі тарих дерегіне жүгінсек, осы екі бағытпен әлемде небәрі онға жуық адам ғана жүріп өткен. Әлем биігін бағындырған жерлесіміз өз жеңісін Астананың 20 жылдығына арнап отыр. Мақсұт Жұмаев Қазақстан Республикасының альпинизм бойынша еңбегі сіңген спорт шебері, әрі планетамыздағы «сегіз мыңдық» 14 шыңның барлығын қосымша оттегін пайдаланбай бағындырған әлемдегі 12-ші адам.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ