Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елорда әуежайында ұшып келу залында алғаш рет бажсыз сауда дүкені ашылды
2018 жылғы 20 сәуірде алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы Т1 терминалында багажды беру аймағында бажсыз сауда дүкені (Duty Free) ашылды.
Аталаған жаңалық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасына енгізілген өзгерістер және елордалық әуежай басшылығының қолдауы арқасында жүзеге асырылды. Алаңы 100 шаршы метрді құрайтын дүкенде 3 мыңнан астам тауар түрін, оның ішінде алкогольді-темекі өнімдерін, парфюмерия және басқа да көптеген заттарды сатып алуға болады. Дүкенннің қызметін қолында отырғызу талоны бар кез келген жолаушы пайдалана алады. Дүкен тәулік бойы жұмыс істейді.
ЕЭО елдеріне (Армения, Беларусь, Қырғыстан, Ресей) сапар шеге отыра, жолаушы өз отырғызу талоны бойынша ұшқанда және ұшып келгенде бажсыз сауда дүкенінде шектеусіз сауда жасай алады. Алайа, ЕЭО құрамына жататын елдерден ұшып келген жолаушылар үшін алкогольді-темекі өнімдерін сатып алуда шектеулер бар.
Швейцариялық «Dufry» компаниясымен табысты серіктестік арқасында алғаш рет Қазақстанда ұшып келу залында бажсыз сауда дүкенін ашу мүмкін болып отыр.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: