Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана әуежайының Бастапқы кәсіподақ ұйымы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді
2018 жылғы 19 ақпанда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Бастапқы кәсіподақ ұйымының конференциясы өтті.
Конференция жұмысына қатысу үшін Әуе көлігі жөніндегі Салалық кәсіподақ секцияларының Орталық кеңесінің өкілі және қосымша «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Жергілікті кәсіподағының төрағасы Д.А. Алтыбаев, Салалық кәсіподақтың бас құқықтық инспекторы Н.С. Кошкумбаева шақырылды.
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ Бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Д. Шамкенова 2015 жылғы 16 қыркүйек – 2017 жылғы 31 желтоқсан аралығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Бастапқы кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясының төрайымы Р.Е. Сейтмағанбетова аталған кезең бойынша тексеру комиссиясының есебін ұсынды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындағын еңбек дауларын Келісім комиссиясы сотқа дейінгі тәртіпте талқылауы тиіс. Оның құрамына кәсіподақ және жұмыс берушінің өкілдері кіреді. Шара барысында кәсіподақ мүшелері қатарынан келісім комиссиясына кәсіпорынның еңбек ұжымынан 3 өкіл таңдап алынды.
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ Бастапқы кәсіподақ ұйымының шығын сметалары мен кірістері талқылауға және бекітуге ұсынылды. Сметаға түзетулер енгізу туралы ұжымдық шешім қабылданды.
Конференция делегаттары ұсынылған есепті қанағаттандырарлық деп бағалады. Барлық делегат бастапқы кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы жақсы пікірлер айтты.
Әуе көлігі жөніндегі Салалық кәсіподақ секцияларының Орталық кеңесінің өкілі Д.А.Алтыбаев кәсіподақ ұйымының жұмысын, конференцияға дайындықты және өткізілуін аса жоғары бағалады. Өз кезегінде Д.А.Алтыбаев конференция делегаттарына «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ кәсіподақтың қызметі туралы айтып өтті.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: