Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана әуежайы 8,3 миллионыншы жолаушыны қарсы алды
Бүгін Астана халықаралық әуежайы өзінің 8,3 миллионыншы жолаушысына қызмет көрсетті. Бұл 2024 жылғы рекордтық көрсеткіш, сондай-ақ Астана әуежайы үшін тарихи оқиға. Елорда әуежайының 8,3 миллионыншы жолаушысы LO195 рейсімен Варшава-Астана бағытымен ұшып келді.
«Астана халықаралық әуежайы жылдан жылға әлемдік авиациялық қоғамдастықта өзінің маңыздылығын дәлелдеп келе жатыр. 2024 жылы біздің әуежайдан Сеул, Гоа, Фукуок, Пхукет, Абу-Даби, Сиануквилл, Милан, Прага және Минералды Суларға тұрақты рейстер ашылып, жаңартылды. Өткен жылы біз 7,5 миллион жолаушыға қызмет көрсетсек, биыл жолаушылар ағынының өсімі 10% құрап, 8,3 миллионға жетті», - деді Астана халықаралық әуежайының Басқарма Төрағасы Юсуф Альжавдер.
Бұл жетістік әуежайдың елдегі көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды рөлін және оның Қазақстан экономикасына қосқан үлесін көрсетеді. Астана әуежайынан орта есеппен 200-ден астам рейс орындалады, бұл Қазақстанның бас қаласына туристік және іскерлік бағыт ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: