Париж Паралимпиадасында пара нысана көздеуден күміс медаль иегері Еркін Ғаббасов елге оралды

Барлық жаңалықтар

2024-09-05

Париж Паралимпиадасында пара нысана көздеуден күміс медаль иегері Еркін Ғаббасов елге оралды

«Дайындық Алматы қаласында өтті. Әрине, пара нысана көздеуден алғаш рет Паралимпиада ойындарының жүлдесін алу – үлкен жетістік. Жарыста чемпион атанған Оңтүстік Кореялық Жин Хо Паркке аз ғана жетпей қалдым. Бұл спортшы 2016 жылдан бері тұрақты түрде қатысып, жүлделерді жеңіп алып жүр. Оның тәжірибесі мол, қай кезде қандай тактиканы қолдану керектігін жақсы біледі. Биылғы спорттық маусым осымен аяқталды. Енді аздап демалып, қайта жаттығуға кірісеміз»,- деді Еркін Ғаббасов.

Айта кетейік, 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында өтетін Париж Паралимпиадасында еліміздің атынан 44 спортшы 9 спорт түрінен жүлдеге таласуда

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ