Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана әуежайында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген жолаушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Астана халықаралық әуежайынан Астана-Алматы бағыты бойынша ұшып бара жатқан жолаушы тіркеу кезінде өзімен бомба бар екенін айтқан. Әуежайда дабыл қағылып, қызметкерлер нысанды шұғыл тексеруге мәжбүр болды. Алайда Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметіндегілер ешқандай жарылғыш заттың нысан аумағында жоқ екенін анықтады.
Жарылғыш зат туралы жалған хабар берген жолаушы рейстен шеттетіліп, желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір жолаушыға қатысты ҚР ҚК 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Әуежай – стратегиялық маңызды нысан. Мұнда келген әр жолаушы ұшаққа отырмас бұрын жіті тексеріледі. Жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген жолаушы өзінің түсініктемесінде «бір қызды ұнатып, соған әзілдемек ниетте» айтқанын жеткізді. Алайда авиациалық қауіпсіздік әзілдеуге келмейтін тақырып. Сондықтан жолаушылардан әуежайдың тексеру қызметіне жауапкершілікпен қарап, жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратпауын сұраймыз», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» АҚ PR қызметінің басшысы Тойгүл Жубанисова.
Жыл басынан бері Астана халықаралық әуежайында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат беру бойынша 30 іс тіркелген.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.