.jpg)
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ халықаралық стандарттарға сай дамыған инфрақұрылымы бар және әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алады. Қайта жаңарту аяқталғаннан кейін жолаушылар терминалы, жүк терминалы, аэронавигация ғимараты, өрт стансалары, зертханасы бар отын кешені, ұшу-қону жолағы, рулеждік жолдар және т.б. 33 жаңа ғимарат салынды.
Негізгі сипаттамалар:
- 1әуежайдың «В»классы, жұмыс режимі – тәулік бойы. ҰҚЖ-3500х45
- 2жабынның классификациялық саны PCN 79/F/C/X/T
- 3рулеждік жолдар - 13
- 4перронның жалпы аумағы – 98,8 га
- 553-ӘК арналған тұрақ орындарының саны
- 6көріну нашар болған жағдайда ӘК қонуына мүмкіндік беретін заманауи ILS CAT III A жарық сигналды жүйесі. Өндірген ел Финляндия, Халықаралық авиация комитетімен сертификатталған және ИКАО талаптарына сәйкес келеді.
.jpg)
Арнайы техника
Бүгінгі күні «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жерүстінде сапалы қызмет көрсетуге қажетті барлық жабдықтары бар. Олар: диайсингтік жабдық, жерүстіндегі қорек көздері, контейнерлерді, паллеттерді тиегіштер, экипажға арналған минивен және жолаушыларға арналған автобустар, ассенизациялық машиналар, жолаушылар трапы, борт тамағына арналған автолифт, тартқыштар, контейнерлерге, паллеттерге, багаждарға арналған тракторлар, ауамен іске қосу қондырғысы, қар тазалағыштар және т.б. көптеген жабдықтар. Сондай-ақ авиакомпанияларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін арнайы техника бірліктері жыл сайын сатып алынып отырады.
Отын құю кешені
Астана әуежайы әуежайдың жанармай сақтау қоймалары мен әуе кемелерін жанармаймен құю техникасы паркіне иелік етеді және оларды пайдаланады. Жанармай сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 12 560 метрлік тоннаны құрайды.
Астана әуежайы — Орталық Азиядағы гидранттық жанармай құю жүйесімен жабдықталған жалғыз әуежай. Бұл жүйе дәстүрлі жанармай құю автокөліктерімен салыстырғанда әуе кемелерін әлдеқайда жылдам әрі тиімді жанармаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Төмендегі авиациялық отын жеткізушілері мен трейдерлері Астана әуежайында әуе кемелеріне тікелей жанармай құю (into-plane fueling) қызметтерін көрсетуге уәкілетті:
- Tarlan Aero ЖШС (ops@tarlan.aero)
- КазМунайГаз-Аэро ЖШС (office@aero.kmg.kz)
- Business-Jet fuel ЖШС (bjf@bjf.kz)
- Юнайтед Авиэйшен Сервисез ЖШС (info@uaskz.com)
- Navarro Trade ЖШС (info@navarro.kz)
- Union Commerce ЖШС (office@unioncomm.kz)
- Prime Jet ЖШС (sales@primejet.kz)
- Barakat Air ЖШС (barakatair@yandex.kz)
- RV-Oil&Gas ЖШС (info@rvoil.kz)
- ТумарМунайРесурс ЖШС (office@tumarmunai.kz)
Авариялық құтқару қызметі
Жаңа 2 өрт стансасы салынып, ИКАО-САТ IX сәйкес сертификатталған «Mercedes»маркалы жаңа автомобильдер сатып алынды.

Кіру
Сатып алулар
