Қосымша қызметтер
Бизнес-авиация терминалы
Авиакомпаниялар
Жарнамаға арналған орын
250x250
Тендер және басқа ақпаратты білу үшін, тіркеліңіз
Мүмкіндіктер, сипаттама
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ арнайы VIP, іскери және жеке авиация жолаушыларына қызмет көрсету үшін жасалған Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз бірыңғай кешен - Бизнес авиация терминалын ұсынады.
Бизнес авиация терминалы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының негізгі жолаушылар терминалынан бір километр қашықтықта орналасқан.
2015 жылы пайдалануға берілген Бизнес авиация терминалы өз жолаушыларына үлкен және жайлы күту залын, конференц-зал мен 4 келіссөз бөлмесін ұсынады. Сонымен қатар, онда ана мен бала бөлмесі, бизнес-орталық, намазхана және бажсыз сауда дүкені бар.
2018 жылғы 15 қазанда Бизнес авиация терминалы “Astana Aviation Services” ЖШС жалға берілді. Бірлескен қызмет туралы шарт аясында VIP, іскери және жеке авиация жолаушыларына қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру үшін бірқатар іс-шара өткізеді.
“Astana Aviation Service” компаниясы іскери авиацияның операторы ретінде тағайындалып, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында өкілдік қызметтерді, барлық VIP, іскери және жеке авиацияның рейстері үшін үйлестіру және бақылау қызметтерін ұсынады.
Бизнес авиация терминалында жолаушыларға қызмет көрсету және VIP, іскери және жеке авиация рейстеріне жер үстінде қызмет көрсету мәселелері бойынша + 7 701 072 0220 телефоны арқылы хабарласуға болады.
“Astana Aviation Services” www.astana.aero компаниясының телефондары:
Tel.: +7 701 072 0220 | SITA: ALAAP7X
e-mail: ops@astana.aero | AFTN: KAPAXAAX
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: