Фото және бейне түсірілімдерді жасау қағидасы

Фото және бейне түсірілімдерді жасау қағидасы жайында ақпарат

  • Егерде серіктестерге арналған ақпарат жайында көбірек білгіңіз келсе немесе мемлекеттік сатып алуларды қарағыңыз келсе, біздің сайтқа тіркеліңіз

    Шағын ақпарат 

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аумағында фото және бейнетүсірілім жасау шарттары

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайың аумағында, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ фото және бейнетүсірілім жасаудың белгіленген тәртібіне сәйкес, әуежай басшылығы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттарды қарап шығып, түсiрілім жасау мүмкіндігі және оның тиімділігі туралы шешім қабылдайды.

Жұртшылыққа бас қаланың тыныс-тіршілігі туралы маңызды оқиғаларды және/немесе Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының қызметi туралы ақпарат беру мақсатында жасалатын түсiрілімдер коммерциялық болып табылмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайың аумағында коммерциялық фото және бейне өнiмдерді жасау мақсатында жасалатын түсiрілімдер, оның ішінде деректі және көркем фильмдер, телебағдарламалар және телесериалдар, ойын-сауық бағдарламалары, музыкалық клип, жарнамалық роликтер, ойын-сауық сипатындағы баспа шығарылымдары үшін фототүсiрілімдер, коммерциялық болып есептеледі.

Түсiрілім жасау туралы сұраныс хатты жасау тәртібі:

  • 1Хат басшы қол қойған ұйымның (заңды тұлғаларға) бланкісінде ресімделуі және«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ  Басқарма төрағасы Юсуф Альжавдердің атына жолдануы тиіс;
  • 2Хатта: түсiрілімнің мақсаты, сюжеттiң тақырыбы (сценарий) көрсетiледi
  • 3түсірілімнің жоспарланған күні, уақыты және ұзақтығы;
    · түсiрілімге қажеттi жерлер мен объектілерді нақты көрсетілуі керек;
    · төлқұжат мәлiметтерiн көрсете отырып, түсiру тобының құрамы (аты-жөнi, жеке куәлік/төлқұжаттың нөмiрі және сериясы, кім және қашан берілгені, туған күні мен жері, тiркелген мекен-жайы);
    · аппаратураның тізімі;
    · түсіру тобының автокөлiгi Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының бiрiншi сызығына және/немесе перронға кiруi қажет болған жағдайда – автомашиналардың маркалары, мемлекеттік тіркеу нөмiрлерi және олардың иелерiнiң төлқұжат деректері;
    · жауапты тұлғаның байланыс деректері
  • 4Ақпараттық түсiрілім жасауға қатысты сұраныс хаттар түсірілім басталғанға дейін түсірілім басталғанға дейін кем дегенде 3 жұмыс күні бұрын, коммерциялық – кем дегенде 7 жұмыс күні бұрын беріледі. Керісінше жағдайда, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы сұранысты қабылдамауға немесе түсiрілімді басқа күнге ауыстыруға құқылы;
  • 5Шетел ұйымдарынан сұраныс Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі берген (тұрақты аккредиттеу) шетелдік бұқаралық ақпарат құралының корреспондентi куәлiгiнің көшiрмесiн; визаның көшiрмелерiн; көші-қон картасының көшiрмелерiн қоса бере отырып, беріледі.

Түсірілім жасаудан бас тартуға негіздеме:

“Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” АҚ әкімшілігі мына жағдайларда түсiрілім жасаудан бас тартуға немесе оларды жасау шарттарын өзгертуге құқылы:

  • 1әуежай жұмысының технологиялық үдерісін бұзбай түсiрілім жасау мүмкін болмаған жағдайда;
  • 2түсiрілім жасауға арналған өтінімді белгiленген тәртiптер мен мерзiмдердi бұза отырып ұсынған жағдайда;
  • 3әуежайда арнайы іс-шаралар өтіп жатқан кезде;
  • 4сценарийлерде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайың жұмысы және оның қызметкерлері туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат болған жағдайда. 

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында фото және

бейнетүсірілім жасауға арналған тарифтер:

Қызметтің атауы Өлшем бірлігі Теңгеге шаққандағы бағасы(ҚҚС-мен)
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аумағында коммерциялық бейне және фототүсірілім жүргізуді ұйымдастыру бойынша қызмет ұсыну
3 сағатқа дейінгі бейнетүсірілім 0-3 сағат 56 000
Түсірілім 3 сағаттан асқан жағдайда, келесі әрбір сағат үшін 1 сағат  18 667

  

Байланысатын тұлға:

PR/Коммерция бөлімі
phone +7 (7172) 777-111/777-733
e-mail: office@nn-airport.kz



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ